Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.04.2024

Мәжіліс депутаттары Астанада 350 түп ағаш отырғызды


Астана, 27 сәуір. Бүгін Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Жалпы қалалық сенбілікте олар 350 түп ағаш отырғызды.

Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысты. Жалпы қалалық сенбілік барысында депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды.

Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтуде.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген -  Т.Таныбаев.

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі