Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Nur Otan» партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы

13 мамыр күні «Nur Otan» партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді. Республикалық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы таныстырылып, кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы аясында жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа тұжырымдамасы, сайлау мәселелері бойынша ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы мәселелер қаралып, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің пікірлері тыңдалды. Қоғамдық кеңестің әзірлеген ұсыныстары мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Азаматтық қоғамды және мемлекеттік басқаруды дамыту мәселелері бойынша сұрақтарыңыз бен ұсыныс-пікірлеріңізді кеңес отырысына жолдауларыңызға болады.

Қоғамдық кеңес құрамында қызмет ету Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде маған үлкен жауапкершіліктер жүктейтінін түсінемін.