Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Бөкей Орда» резерватын және «Ащыөзек» қаумалын құру мәселесі

Құрметті жерлестер!

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарындағы киіктер санын реттеу, «Бөкей Орда» резерватын және «Ащыөзек» қаумалын құру мәселесін шешу үшін ауқымды жұмыстар басталды.

Киіктердің ауыл шаруашылығындағы шаруа қожалықтарының жайылымдарын таптап, малдың өрісінің тарылу мәселесін, киіктер санын реттеуді Облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат депутаттары, шаруа қожалықтарының басшылары әртүрлі деңгейде көтеріп келе жатырғандарына 4-5 жылдың жүзі болды.

Алғашқы болып дабыл қаққан Жәнібек ауданынан Облыстық мәслихат депутаты болған Е. Илимисов еді. Облыстың атқарушы органдары 2013 жылы «Бөкей Орда» резерваты (343 мың Га.) мен «Ащыөзек» қаумалын (314 мың Га.) (заказник) құру жөнінде техникалық экономикалық негіздеме әзірлеп, Министрлікке жолдады. Сол жылы осы жобалар мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алды.

Содан бері бұл мәселені облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат орталық мемлекеттік органдар алдында сан рет көтерсе де мәселе орнынан қозғала қоймады.

Биылғы жылы VII шақырылымдағы сайланған Батыс Қазақстан облысы мәслихат депутаттары Үкімет басшысына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне арнайы хат жолдаған соң, сең орнынан қозғалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен, «Зоология институты» РМК, Қазақстанның Биоассоциациясының өкілдерімен Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылында оңтүстік аудандар өкілдерінің қатысуымен арнайы көшпелі кеңес өткізді. Содан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевті қабылдап, Батыс Қазақстан облысы аумағында «Бөкей Орда» резерватын және «Ащыөзек» қаумалын құру жөніндегі шаралар алуға тапсырма берді.

Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат, шаруа қожалықтары, тұрғындарымыз көтерген өзекті мәселе «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай шешімін табуы кезең-кезеңмен атқарылатын болды.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында жануарларды қорғау туралы заң қабылдау Жол картасына енгізілген еді. Киелі жануарларға жататын киіктердің популяциясын сақтай отырып, жергілікті тұрғындардың да малдарының жайылымдарын қорғау мәселелері бір мезгілде күн тәртібінде тұр. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы мүшелерінің бақылауында болады.

Анықтама үшін:

Киіктер саны (БҚО)

2017 ж. – 98,2 мың.

2018 ж. – 135 мың.

2019 ж. – 217 мың.

2020 ж. – санақ жүргізілген жоқ

2021 ж. – 545 мың.

М. Құлшар -

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«Nur Otan» партиясы

фракциясының мүшесі