Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін облыстық мәслихаттың кіші залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М. Құлшар және С.Имашева облыстық қоғамдық Кеңестің мүшелерімен кездесті.

Бүгін облыстық мәслихаттың кіші залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Имашева және М. Құлшар облыстық қоғамдық Кеңестің мүшелерімен кездесті.

Отырысты облыстық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Е. Салықов жүргізіп, облыстық қоғамдық Кеңестің қазіргі таңдағы атқарып жатқан қызметін қысқаша баяндап өтті.

Кездесу барысында сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары негізгі мақсат - ҚР-ның «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты ұсыныстар жинақтау екендігіне тоқталып, кеңес мүшелері қойған сұрақтарға жауап берді.

Кеңес мүшелері, аталмыш заңға өзгеріс енгізген кезде ҮЕҰ-дан басқа кеңес құрамына қоғамға, елге белсенді қызмет етіп жүрген қарапайым азаматтарды да тарту, сондай-ақ, кадрлық саясат пен отбасылық құндылықтарды сақтау, тариғи тұлғаларды ұлықтауға байланысты өз ұсыныстарымен бөлісті.

Мәжіліс депутаты С. Имашева бұл орайда, «Отбасын нығайту туралы» заң жобасының дайындалып жатқандығына тоқталып, айтылған ұсыныстарды қатерге алатындығын жеткізді.

Сонымен қатар, кеңес мүшелері қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған су тапшылығы, мал азығын дайындау туралы мәселелерді көтеріп, депутаттардан бұл мәселені республика деңгейінде шешуге ықпал ету туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Мәжіліс депутаты М. Құлшар кездесуде айтылған ұсыныстармен жұмыстанатындықтарын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының іс сапарлары облыс аудандарында жалғасатын болады.

https://www.facebook.com/100043549509447/posts/427232605405053/