Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы Құлшар жұмыс сапарымен Ақжайық ауданына келді

Бүгін ауданымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы Құлшар аудан орталығы Чапаев ауылындағы тұрғын үй құрылысымен, Жайық жағалауының бекіту жұмыстарымен, Мойылды ауылындағы таза ауыз су құбырының құрылыс барысымен танысты. Сонымен қатар, Чапаев ауылының еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері, мекеме және ұйым басшыларымен кездесу өткізді. Жиынға Орал қалалық мәслихатының хатшысы Есентай Ғиниятұлы Қалиев қатысты. Кездесу соныңда аудан әкімінің орынбасары Т.Габдушев келген қонақтарға естелік сыйлықтар табыстады.
https://www.facebook.com/2243042839257211/posts/3119914671570019/


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Құлшардың аудандағы жұмыс сапары Тайпақ ауылында жалғасын тапты. Атап айтқанда Мәлік Иманқұлұлы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысының барысымен және бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Сонымен қатар, Тайпақ мәдениет үйінде зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, қойылған сауалдарға жауап берді. Кездесуге Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е.Қалиев, Ақжайық аудандық мәслихатының хатшысы С.Сиражев қатысты.

https://www.facebook.com/2243042839257211/posts/3120009471560539/