Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшелері Павлодар облысында іс-сапарда болды

20-21 желтоқсан 2021 ж.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшелері Осин Ш.А., Решетников С.Н. және мен, 20-21 желтоқсанда Павлодар облысында іс-сапарда болып, тұрғындармен кездесулерге қатыстық.

Сапарымызды Екібастұз қаласындағы «Проммашкомплект» ЖШС-нің жұмысымен танысудан бастадық. 725 адам жұмыс істейтін, жаңа қондырғыларымен қамтамасыз етілген зауытта Қазақстан темір жолы үшін пойыздың темір дөңгелектерін жасап шығарады екен. Мекеме қуаттылығы – жылына 200 мың дана темір дөңгелек. Тап осы жылдың 9 айында 24,7 млрд теңгенің өнімін өндірген. Кәсіпорын директоры И.Н. Дычко өндірісті аралатып, жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Келесі кездесуіміз Екібастұз қаласындағы «Достық үйінде» ардагерлермен, жастармен, қалалық мәслихат депутаттарымен өткізілді. Қала әкімі А.А. Қаңтарбаев Тәуелсіздігіміздің 30 жыл ішінде қол жеткен табыстармен бөлісті.

Кездесуде «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасындағы жекенің малына шектеулер қойылуы, болашақта көмірден бас тартып, жасыл экономикаға көшсек, Екібастұз сияқты қалалардың халқының жұмыссыздыққа тап болуы, халықаралық жағдайлар (Ауғанстандағы ахуал туралы) сұрақтар қойылып, депутаттар жауаптарын берді.

Түс қайта Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» жастар өкілдерімен, волонтерлармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, ҚБ өкілдерімен, блогерлермен кездестік.

Жастардың жасын (29-дан 35-ке) көтеру, Қазақстан халқы Ассамблеясыстудент жастарға әлеуметтік жобаларына грант бөлу, жас буынды ағаш егуге тарту сияқты мәселелер айтылды.

Ардагерлер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қолдайтындықтарын, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері, этно-мәдени бірлестіктерге бөлінетін мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік сатып алу заңынан тыс қарастыруын ұйымдастыруды көтерді.

«Алтын бата»қоғамдық қорының төрайымы ауру балалар мен мүгедектерге медициналық көмек беру, мүгедектерін анықтау, мүгедектердің санаторлық-курорттық емдеумен қамтылуы туралы мәселелер көтерді.

«Берегиня-Био» қоғамдық қорының өкілі шет елдерден әкелінетін өсімдік түрлерінің еліміздің биологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкіндігін атап өтті.

Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі облыста қазақ тілі мәселесіне көңіл бөлу қажеттілігін баса атап көрсетті.

Конфессия өкілдерімен кездесуде жалғыз басты аналар мәселесі, балалар тәрбиесіндегі әкенің алатын орны, жастардың денсаулығына алаңдаушылық туралы мәселелер көтерілді.

Абай атындағы №10 мектеп-лицейі қабырғасындағы өткен кездесуде, колледж түлектерінің жұмысқа орналасу қиындығы, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері қызметкерлерінің төлем ақыларының төмендігі, ата-аналар өкілі онлайн оқыту балалардың білім саласының төмендеуіне әсер еткенін атап өтті.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ш.А. Осин, С.Н. Решетников және мен сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелерді заң жобалары қаралғанда ескерілетіні туралы айтып өттік. Кездесулер соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттары табысталды.