Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі ретінде Маңғыстау облысындағы іс-сапар

10-11 желтоқсан 2021 жыл.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі ретінде 10-11 желтоқсанда Маңғыстау облысында іс-сапарда болып, жергілікті тұрғындармен кездесулерге қатыстым.

Жұмыс шеңберінде Ақтау қаласындағы Политехникалық колледжінде, осы оқу орнының және энергетикалық, гуманитарлық, «Болашақ» колледждерінің оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездестім.

Кездесуде жалпы педагогтардың, соның ішінде кәсіптік және техникалық білім беру мекемелеріндегі оқытушылар мен шеберлердің төлем ақыларының төмендігі, жеке оқу орындарындағы (мысал ретінде «Болашақ» колледжі аталды) оқытушылардың тұрғын үй қатынастарында бюджет саласындағы оқытушылардай жеңілдіктерді пайдалана алмайтыны, жастардың шет елде білім алса, олардың сонда қалып қоюы туралы сұрақтар көтерілді. Азық түлік бағасының қымбаттауы, зейнетақы қорынан алатын қаражаттың шекті мөлшері туралы да пікірлер айтылды.

Келесі кездесу Ш.Есенов атындағы «Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде» профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттермен өткізілді. Студенттер әр түрлі сауалдар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Одан кейін Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» Үкіметтік емес ұйымдардың , әр түрлі діни конфессия өкілдерімен кездесуге қатыстым.

Дін өкілдері қоғамымыздағы алаңдатушылық тудыратын әр түрлі жағдайларға көңіл бөлуді, ҮЕҰ өкілдері әр түрлі заң жобаларына енгізуді қажет деп есептейтін өзгерістер мен толықтыруларымен бөлісті.

Іс-сапар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның қоғамдық құрылымдары мүшелерімен, білім саласының қызметкерлерімен кездесіп, пікір алысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы алғыс хаттарын табыстадым.