Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы

Бүгін ауданымызға ресми сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар келді. Ол алдымен аудан орталығында құрылыс жұмысы жүріп жатқан денешынықтыру - сауықтыру кешенінің жағдайымен танысты. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Алайда, наурыз айында құрылыс жұмыстары жалғасып, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан М.Құлшар нысанның түйіткілді мәселелерін тыңдап, уақтылы аяқталуына күш салатынын айтты. Сондай-ақ Мәлік Иманқұлұлы аудан орталығындағы салынып жатқан екі 3 қабатты 24 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырған "BRAT.M" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Мәжіліс депутатына құрылыс барысын таныстырып, бюджеттік қаражаттың уақтылы берілуін сұрады. Қажетті қаражат уақтылы бөлінетінін болса, тұрғын үйлерді мерзімінде тапсыратынын айтты.

Қазіргі уақытта М.Құлшар "Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізуде.


https://www.facebook.com/groups/242830912575924/permalink/1865714270287572/