Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ТАСҚАЛА АУДАНЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді. Жеке мәселелерімен келген азаматтардың сауалына құлақ асты.
Алдымен Қосшы ауылдық округінен келген азамат жеке шаруашылық ашу мақсатында жер алу мақсатымен конкурсқа қатысса да жолы болмай жүргенін, қолдан келер көмек қолын созса деген ниетін жеткізді. Мәлік Иманқұлұлы мен Бауыржан Есқайырұлы конкурстың қалай өтетінін түсіндіріп, жер алуға өтініш тастауға ұсыныс айтты.
Мұнан кейін жеке сауалымен келген ауыл азаматшасы әйелдердің зейнет жасын азайтса деген өтінішін білдірді.
- Мектепте кіші қызметкерлер әйел адамдар екені өзіңізге мәлім. 63 жасқа дейін жұмыс жасау кәдімгідей қиындық туғызады. Осыны бір қарастырып, заңға өзгеріс енгізсе деген ниетіміз бар. Бұл менің ғана емес, барша ұжымның атынан айтылған өтініш,- деді.
Одан әрі Мереке ауылдық округінен келген азамат та шаруашылық бастау мақсатында жер алғысы келетінін айтты. Сонымен қатар, Мереке ауылдық округі жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың өкілі жастар саясаты мәселесін көтерді. Бұған қоса, ауыл ішіндегі тұрғын үйлерге жөндеу жұмысын жасау туралы да ұсыныс білдірілді.

https://m.facebook.com/story.php?&