Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы,Қоскөл ауылдық округіне қарайтын Шалғын елді мекеніндегі суға кеткен мектепті және үйлерді араладым

Бүгін Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы,Қоскөл ауылдық округіне қарайтын Шалғын елді мекенінде болып,суға кеткен мектепті және үйлерді араладым.

Негізгі мектептің ғимратына су кіріп,бөлмелердің ортасы құлаған.Қазір оқушылар Ауылдық клубта білім алуда уақытша.Ауылдағы 45 үйдің,29на су кірген,23і тұруға келмейді.Ауыл тұрғындары су кірмеген үйлерге,3-4 жанұядан бөлініп орналасыпты әзірге.Ауылда құлағалы тұрған үйлерді сараптау жөніндегі комиссия жұмыс істеуде.

Ауыл халқы ешқайда көшпей,жаңа мектеп те,үйлер де осы ауылға салынса деген өтініштерін жеткізді.Қаймағы бұзылмаған ауыл халқы,газбен қамтылған елді мекенде мал басын көбейтіп,өздерін қамтып отыр екен.Кездесуде тұрғындарға Мемлекеттік органдардан міндетті түрде көмек көрсетілетінін жеткіздім.

https://www.facebook.com/100041712232179/posts/863883068345426/