Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Батыс Қазақстан облысы,Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында суға кеткен тұрғындармен кездестім.

Бүгін Батыс Қазақстан облысы,Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында суға кеткен тұрғындармен кездестім.
Ауыл жанындағы тоғанға қар суы толып, мұз аралас су ауылға кірген.Тоған жанындағы үйлер мен қоралар су астында қалған.Бастысы тұрғындарымыз аман есен,мал шығыны бар.
Қазір ауыл қалпына келуде. Эвакопунктте төрт жанұя бала-шағаларымен уақытша орналастырылған.
Арнайы комиссия жұмыс істеуде, суға кеткен үйлерге келген шығындар есептелуде.Комиссия қорытындысымен, суға кетіп, тұруға жарамсыз деген үйлер жаңадан салынбақшы, бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілмекші.
Тұрғындармен кездестім, эвакопункттегі тұрғындардың жағдайын көрдім.
Үйлеріне тезірек оралсақ дейді зардап шеккен ауыл халқы.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық шаралар қабылдануда.
Біз біргеміз! AMAHAT париясы тарапынан бақылауда ұстаймыз.

https://www.facebook.com/100041712232179/posts/864755358258197/