Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар арнайы сапармен Жақсыбай ауылында болып қайтты.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар арнайы сапармен Жақсыбай ауылында болып қайтты. Сапар барысында ол ауылды аралап, бүлінген уйлерді аралап шықты. Сонымен қатар, Мәлік Иманқұлұлы М.Б.Ықсанов атындағы мектеп-балабақшаның бос ғимаратында уақытша орналастырылған тасқын судан зардап шеккен отбасы мүшелерімен кездесіп, табиғи төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша іске асырылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етті. Өз кезегінде зардап шегуші отбасы мүшелері қамқорлық танытып жатқан жергілікті билікке, "АMANAT" партиясына, барлық жанашыр азаматтарға риясыз алғыстарын білдіріп, өздерінің баспаналарын қалпына келтіруге жәрдем көрсетуді сұрады. Осыған байланысты Мәлік Құлшар бұл ұсыныс-тілектер бақылауға алынатындығын және көтерілген мәселелердің оң шешілуі мүмкіндігі қарастырылатындығын жеткізді.

https://www.facebook.com/100026361090759/posts/987247905497237/