Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Орал қаласындағы "Атамекен өнер ордасында" қызметкерлерімен жүздесу

Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы кездесулерді Орал қаласындағы "Атамекен өнер ордасында" қызметкерлерімен жүздесуден бастадық. Іске қосылғанына көп уақыт өте қоймаған өнер ордасының ұжымы осы уақыт ішінде талай мәдени шараларды өткізіп тастапты.
Кездесуде алдағы Референдумға ұсынылатын Конституциямызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар кеңінен әңгіме болды.Кездесуге қатысушылар "болашақта Ата заңымызға тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкіндігін, енгізілетін өзгерістер халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға септігі тие ме"-деген сауалдар қойды.
Алдағы конституциялық реформа халқымыздың елді басқаруға қатысуын кеңейтетіндігін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтетіндігін атап өттік.
Кездесу соңында референдумға қатысуға, еліміздің болашағын өздеріміз анықтауға шақырдық.
Кездесуден соң Орал қаласындағы әлеуметтік осал топтары үшін салынып жатырған тұрғын үйдің құрылысымен танысып, AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау жүргіздім.
#ReferendumAMANAT

https://www.facebook.com/100041712232179/posts/889880975745635/