Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ - ТЕРЕКТІ АУДАНЫНДА

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ - ТЕРЕКТІ АУДАНЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар мен Аветик Амирханян іс сапарын бүгін Теректі ауданында жалғастырды.
Теректі аудандық мәслихаты хатшысы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов депутаттарды қарсылап алып, кездесулерге қатысты.
Аудандағы ең ірі мекен – Подстепное ауылына ат басын тіреген халық қалаулылары әлеуметтік нысандарда болды.
Алдымен Подстепное қазақ орта мектебіне барған депутаттар білім ордасы тынысымен танысты. Бүгінгі таңда бала санының өсуіне байланысты Подстепное ауылындағы қазақ мектебінде тоғыз жүзге тарта оқушы (мектеп сыйымдылығы – 345 орын) 3 ауысыммен оқып жатыр. Бұл мәселені шешу үшін биыл Подстепное ауылында 600 орындық мектеп құрылысын салу жоспарланған. Әзірге мектеп салуға құжаттамалық дайындық жүріп жатыр. Бұдан соң қос депутат Подстепное ауылындағы жеке «Балбөбек» балабақшасында болды. Осы мекемелердің қызметкерлері – жергілікті тұрғындармен кездесу барысында олар Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге байланысты жарияланған референдум жайында сөз қозғап, түсіндіру жұмысын да жүргізді.

https://www.facebook.com/100005157107583/posts/2078699155645301/