Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сырым және Қаратөбе аудандарындағы кездесулер

Бүгін 17 мамыр күні Сырым және Қаратөбе аудандарында кездесулерге қатыстым.
Сырым ауданында партиямыздың Жол картасындағы ауылға су өткізу жобасымен танысып,Аудандық Ұстаздар үйінде білім саласының қызметкерлерімен кездестім.
Конституциямызға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бойынша пікір алмастық.
Екі адамды партиямыздың филиалында қабылдадым.
Қаратөбе ауданында түс қайта партия мүшелері мен депутаттармен кездесуде,аудандағы партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалуын бірге талқыладық.
Мәдениет үйінде тұрғындарымызды референдумға белсене қатысуға шақырдық.Тұрғындарымыз Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдайтындықтарын білдірді.Қазақ тілінің мәртебесі көтеру мен әйел жолдастардың зейнетке шығу жасын төмендету туралы ойлар айтылды.
Жаңа Қазақстанды бірге құрайық деген оймен тарастық.
#ReferendumAMANAT

https://www.facebook.com/100041712232179/posts/893591602041239/