Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бөрлі және Шыңғырлау аудандарындағы кездесулер

18 мамырда аудандарда кездесулеріміз жалғасты.
Түске дейін Бөрлі ауданында мәдениет үйінде аудандық қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуге қатыстым.
Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды Бөрлі ауданы тұрғындары қолдап, 5 маусымда референдумға қатысатындықтарын мәлімдеді.
Кездесуден соң қоғамдық қабылдау жүргіздім.
Түс қайта Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылында ауылдық клубта ауыл тұрғындарын Ата заңымызға енгізілетін өзгерістермен таныстырдым.
Әйел жолдастардың зейнет жасын төмендету мәселесі көтерілді. Ащысай ауылы Қарашығанақ кен орнына жақын елді мекен болған соң, ауыл халқы ауылдағы ауа мен судың тазалығына алаңдаушылық білдірді. Жауапты мекемелермен бұл мәселені анықтайтындығымызды алға тарттық.
Шыңғырлау аудандық AMANAT партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдадым.
#ReferendumAMANAT

https://www.facebook.com/100041712232179/posts/894313385302394/