Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Орал қаласындағы "Зенит" АҚ жұмысшыларымен кездесу

Бүгін 20 мамыр күні кездесулер жалғасын тапты.
Түске дейін Орал қаласындағы "Зенит" АҚы жұмысшыларымен кездесуде Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер жөнінде түсінік берілді. Бұл зауыт өткен жылы ғана 80 жылдығын атап өткен байырғы өндіріс орны. 800-ге таман жоғары техникалық біліктілігі бар мамандар мен жұмысшылар Қазақстанның қорғаныс министрлігінің және шекара қызметінің тапсырыстарын орындайтын облысымыздағы бірден бір кәсіпорын. Тәуелсіздігіміздің 30 жылында 30дың үстінде әскери катерлер жасап, қазір олар Каспий теңізінде біздің шекарамызды күзетуде. Зауыт басшылығы жұмысшылардың кәсіби деңгейлерінің жоғары екендігін атап өтті, қорғаныс министрлігі енді зауытқа әскери кемеге тапсырыс беріпті.
Кездесуде әйелдердің зейнет жасын төмендету, тіл мәселелері көтерілді. Нақты жауаптар берілді. Жұмысшыларды 5 маусымда өтетін референдумға бір кісідей қатысуға шақырдық.
Түс қайта AMANAT партиясының облыстық филиалында төтенше жағдайлар департаменті мен өрт сөндіру қызметкелерімен кездесуіміз жалғасты.
Ата заңымызға өзгерістер мен толықтыруларды жиналғандар қолдайтындықтарын білдірді.Жер және оның қойнауындағы табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп жазылса, мемлекет меншік құқығын қалай басқаратыны жөнінде сұрақтар көтерілді. Нақты жауаптар берілді. Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдауға, соған дауыс беруге шақырдық.
#ReferendumAMANAT

https://www.facebook.com/100041712232179/posts/895695455164187/