Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Батыс Қазақстан облысында тұрғындармен кездесулер

Бүгін 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысында тұрғындармен кездесулер жалғасты.
Таңертең Бәйтерек ауданының Үлкен Шаған ауылында ауылдық клубта Үлкен Шаған және Көшім ауылының тұрғындарымен жүздестік.Кездесуде Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер,жер мәселесі туралы сөз болды.Тұрғындар референдумға түгел қатысатындықтарын мәлімдеді.
Одан кейін Щапов ауылындағы Б.Момышұлы атындағы мектепте ұстаздармен,ауыл белсенділерімен кездесуде,облыстағы халыққа қол жетімді медициналық көмектің жайы айтылды.Нақты жауаптар берілді.Бір қуанарлығы ауылда жаңа мектеп салынуда."Ауыл-ел бесігі"бағдарламасымен бой көтеріп жатқан мектеп жаңа оқу жылына оқушыларын қабылдамақшы.
Түс қайта Асан ауылында,одан кейін Рубежка ауылында кездесулер жалғасын тапты.Конституцияның жер бойынша,тіл мәселесі және Президенттердің қызметінен кеткеннен кейінгі мемлекет есебінен қамтылуы туралы өткір сұрақтар қойылды.Жауаптары берілді.
Бәйтерек ауданы тұрғындары 5 маусымда учаскелерге келіп,референдумға белсенді дауыс беретіндеріне сенім мол.
М.Құлшар-Парламент Мәжілісіндегі АМАNAT партиясы фракциясының мүшесі.
#ReferendumAMANAT

https://m.facebook.com/story.php?&