Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ұстаздар ұжымымен кездесу

Бүгін 27 мамырда түс қайта Орал қаласындағы 42 жалпы орта білім беретін мектепте ұстаздар ұжымымен кездестік.
Мұғалімдер дені Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдайтындарын жеткізді. Ұйымшыл ұжым,өзі орналасқан шағын аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордасы екен.1300 балаға арналып он жыл бұрын салынған мектепте қазір екі аусымда 2000 үстінде оқушы білім алады екен. Жақында өткен соңғы қоңырау мерекесімен мұғалімдерді құттықтап,5 маусымдағы референдумға бір кісідей қатысуға шақырдық.
Одан кейін жастар және оқушылар сарайында кездесуіміз жалғасты. Ұжым мүшелеріне конституциялық реформалардың негізі бағыттарымен таныстырдық. Оқушылар сарайында 5 маусымда сайлау учаскесі ұйымдастырылады екен. Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз деп тарастық.
Парламент Мәжілісіндегі AMANAT партиясы фракциясының мүшесі - М.Құлшар.
#ReferendumAMANAT

https://m.facebook.com/story.php?&