Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Батыс Қазақстан облысындағы кездесулер

Батыс Қазақстан облысындағы кездесулерімізді Теректі ауданының Ақжайық ауылында 2 аудандық аурухана мекемесінің медицина қызметкерлерімен жүздесуден бастадық.Парламенттегі әріптесім А.Р.Амирханянмен бірге Парламент Мәжілісінің екінші сессиясының қорытындыларымен таныстырдық.Емхана басшылығы мекемеге бекітілген адам санына сәйкес төлемдердің аудан орталығынан аз төленетінін,дәрігерлерді(қажетті мамандарды)қысқа курстардан өткізіп дайындауды,КВИ қарсы екпенің 4 дозасын егудегі қиындықтар туралы әңгімеледі.
Ақжайық ауылында әлеуметтік топтарға салынып жатырған 3 қабатты үй құрылысымен таныстық.Құрылыс өте баяу жүруде,мердігер компания өкіліне үйді тез бітіруге өз ұсыныстарымызды бердік.

Одан кейін Аңқаты ауылындағы күрделі жөндеуден өтіп жатырған мектепке соғып,құрылыс барысын көрдік.Жаз мезілін пайдаланып құрылыс қарқынын үдету туралы кеңес бердік.

Түс қайта Сары Өмір ауылындағы балалар лагерьлеріне бас сұқтық.Ақжайық,Қаратөбе,Теректі аудандарына қарасты үш лагерлерде үш айда 800ден астам балалар демалуларына жағдай жасалған екен.Басқа аудандарға үлгі боларлық жағдай.
Сары Өмір ауылындағы құлауға шақ тұрған ауылдық дәрігерлік амбулаторияның (АДА)жағдайын көрдік.Жаңа АДА салуға жоба жасау,оны салуды жоспарлауды депутаттық бақылауға алатын болдық.

#deputatAMANAT


https://www.facebook.com/100041712232179/posts/pfbid0Ja1thZ8HZw4bgitEuyfKxYa7nkNBQbXNSjcgLCxzeWhRPCekjmMhpZhdAaeGXcibl/