Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бөрлі ауданындағы кездесулер

Бүгін 7 шілдеде кесте бойынша Бөрлі ауданында кездесулер жалғасты.
Қанай ауылында кездесу алдында ауылдық клубта,медпунктте,ауыл әкімдігінде қызметкерлерімен жүздестім.Одан кейінгі ауыл саябағында тұрғындар өз ауылындағы мәселелерді көтерді.1 шілдеден бастап балабақшаға ата-аналары төлейтін қаржы(тамақтандыру үшін) бірден өсіп,14-15 мың.теңгеге көтеріліпті.Бұл 2-3 бала тәрбиелеп отырғын жастарға қиындық тудырады дейді ауылдықтар.Ауылға инвестор тарту,эл.желілерінің тозуы,ауылда жиі жарықтың өшу сияқты сұрақтар көтерілді.
Келесі кездесу Бөрлі ауылында болды.
Даму деңгейі жоғары Бөрлі ауылында,ауылішілік жолдың сапасы,жұмыс табу қиындығы және т.б. мәселелер айтылды.
Түс қайта Ақсай қаласында және Қызылтал ауылында тұрғындар жайылым мәселесін,үйлеріне көктемде су кіргендер көмек беру сияқты өздерін толғандыратын жайларымен бөлісті.
Барлық көтерілген мәселелер жергілікті атқарушы органдар алдына қойылатыны,Республика көлемінде шешімін табуы тиіс мәселелер Парламент қабырғасында талқыланатыны туралы түсінік берілді.
#beputat AMANAT.

https://www.facebook.com/100041712232179/posts/pfbid0z1kRh3KB44MNu41TBAdXgY2tCS4k6QMXdayZHGqPJYLjnU3xAZhqsCS7SATNv64nl/