Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кездесулерім Шыңғырлау ауданында өз жалғасын тапты

Бүгін 8 шілдеде кездесулерім Шыңғырлау ауданында өз жалғасын тапты.
Таңертең Шыңығырлау ауылындағы жол картасы және "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша жөнделіп жатырған балалар спорт мектебі мен ауылішілік көшелерді,3 қабатты салынып жатырған тұрғын үйді көрдік.Спорт мектебі күзге дейін аяқталуы жоспарда,көшелер жөндеу биыл басталып,аяқталуы келесі жылда,ал 3 қабатты тұрғын үй құрылысы қосымша қаржы бөлінбей тоқтап тұр.Сол жерде ауыл ардагерлерімен пікір алмастық.
Келесі ауыл Ардақта,кәсіпкердің демеушілігімен салынған медпунктте болдық,қоғамдық қабылдау өткіздім.
Түс қайта Ақтау ауылында тұрғындармен кездесуге қатысып Ата заңымызға енгізілген өзгерістер,Ұлттық құрылтай,Парламент мәжілісінің екінші сессиясының жұмыс қорытындысымен таныстырдым,қоғамдық қабылдау өткіздім.
#deputatAMANAT

https://m.facebook.com/story.php?&