Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жәнібек ауданындағы кездесулер

12 шілде.
Бүгін таңертеңнен Казталов ауданынан шығып,Тереңкөл ауылы тұсында жол салып жатырған "Юнисерв"компаниясының өкілдерімен кездестік.Казталов-Жәнібек бағытындығы 0-51 км салуды ұтып алған мердігер биыл 42 км жолды салып шықпақшы.Қалатын 9км қаржы бөлсе биыл аяқтауға мүмкіндіктері барын жеткізді.
Күйгенкөл ауылдық округі орталығы Жасқайрат ауылында кездесуде жол ,Медпункттің тозығы жетуі,аулдағы ауыз суды қалған үйлерге тарту сияқты мәселелер айтылды.
Түсте Жәнібек ауданы орталығында,түс қайта Тау ауылы,кеште Қамысты аулында кездесулеріміз жалғасты.
Кездесулерде Жәнібек ауылында тұрмыстық қызмет көрсету орталығын ашу,кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнату,Тау ауылында бала бақшаның жөндеу қажеттілігі,қоғамдық көлік мәселесі,Қамысты ауылында шекарада қарапайым өткізупунктін(УПП) ашу(Қамысты-Кайсацск),оқу мәселелері және т.б.көтерілді.
Сенат депутаты Н.Төреғалиев,облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаевамен бірге барлық көтерілген сұрақтарға жауап берілді.
Жәнібек-Талов бағытындағы жол құрылысына соғып,жол сапасын қарадық.
#deputatAMANAT

https://www.facebook.com/100041712232179/posts/pfbid0m6u4QkwAG6p7fteyGZ3m91h8V1hqdWF4gZBtPmqhZP6uwGt7CC9XVLid8abqihKsl/