Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бөкей Ордасы ауданындағы кездесулер

13 шілде.
Парламент Сенатының депутаты Н.Төреғалиев,облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаевамен бірге кездесулеріміз Бөкей Ордасы ауданында жалғасты.
Мұратсай ауылында су қоймасын көріп,өз ұсыныстарымызды айттық.Ауылда тұрғындармен кездесуімізде ауылға кіре беріс жолды жөндеу,мектептегі техникалық қызметкерлердің жалақысының төмендігі және т.б. мәселелер көтерілді.
Сайхын ауылындағы жастар коворкинг орталығында ардагерлер,депутаттар,жастар көтерген мәселелер:медицина саласындағы кемшіліктер,әскери полигон жерлерінің бір бөлігін қайтарып,ауыл шаруашылығына пайдалану,азық-түлік қымбатшылығы және т.б.
Түс қайта "Өнеге-Бисен-Сайхын" республикалық жолының 50-103 км салып жатырған жол құрылысымен таныстық.Осыған дейін 17,5 км асфальт төселген,12 км дайындауда.Қиыршық тас әкелетін вагон жетіспеу мәселесі басты кедергі.Бақылауға алатын болдық.
Хан Ордасы ауылында мектеп,мәдениет үйі,интернаттың күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстық.Бүгінгі күнге мектептің жөнделуі көңіл көншітпейді.Басқа облыстан келген мердігер әртүрлі сылтаулармен жұмыстары мардымсыз.Нақты ұсыныстар бердік,жоғарғы органдар алдарына бұл мәселені қоятын болдық.Мәдениет үйі мен балалар интернатында жергілікті мердігерлер жұмыстарын уақытында тапсыратындарын мәлімдеді.
Музей кешенінің визит орталығы мен әкімшілік ғимраты жобасымен танысып,ауыл тұрғындарымен кездестік.
Парламент Мәжілісіндегі AMANAT партиясы фракциясының мүшесі М.Құлшар.
#deputatAMANAT

https://m.facebook.com/story.php?&