Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру – басты міндетіміз.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды

 бағдарламасын жүзеге асыру – басты міндетіміз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өткізілгеніне де, төрт айдан асты.

Осы уақыт ішінде «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Республикалық жол картасы қабылданды. Жол картасында 362 іс-шара көзделген, 4 бөлімнен тұратын бес жылда атқарылатын істер әр жылға бөлінген, жауапты орындаушылар бекітілген және қаржы көздері нақтыланған. Республика көлемінде Жол картасының әр тармағына жауапты Орталық мемлекеттік органдар басшылары (вице-министрлер деңгейінде) айқындалған. Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелеріне жол картасының әр тармағын бақылауға алу үшін бөлініп берілді. Жол картасының орындалуы барысын саралау тоқсан сайын, ал жыл соңында жылдық қорытынды шығару жөнінде жұмыс алгоритмі бекітілді.

Республикалық Жол картасындағы I бөлімінде айқындалған іс-шаралардың кейбіреулері іске асырыла бастады. Мәселен, Азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін 2021 жылдан бастап тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалануы туралы іс-шара жүзеге асырылуда.

Жұмыс берушілердің ауылда тұрғын үй салуға арналған шығындарын субсидиялау жөнінде заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және субсидия қағидаларының жобалары талқылану үстінде. 2022 жылдың басынан іске қосылады деп күтілуде.

Жол картасындағы II бөлімдегі «ауруханаларды қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету» іс-шаралары немесе аудан орталықтарында спорт кешендері мен ауылдарда спорт алаңдарын салу жоспарларға енгізілді.

III бөлімдегі «ағымдағы мәселелерді жедел шешу үшін мемлекеттік органдарға бюджеттік дербестік беру» мәселесі қазіргі әзірленіп жатырған «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының» жобасында көрініс тапқан.

Немесе IV бөлімдегі «Онлайн сауалнамаларды қолдана отырып, барлық маңызды бюджет шығыстарына міндетті қоғамдық сараптама жүргізу» бойынша, әзірленіп жатырған жаңа тұжырымдамада жергілікті бюджеттерді бекіту процесіне, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға бағытталған қоғамдық маңызы бар шығыстар бөлігінде онлайн-сауалнамалар қолдануды қоса алғанда, қоғамдық сараптамалардан өту тетіктері арқылы бақылауды күшейту жөніндегі шаралар көзделуде.  

Жақында ғана Парламенттің қос палатасынан қолдау тауып, Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын іске асыру үшін 844,4 млрд. тг. қарастырылатын болды.

Оның ішінде: Республикалық және жергілікті жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстауға – 140 млрд. тг., «Бақытты отбасы» атты партиялық жобасын іске асыруға – 40 млрд.тг., жоғары білім алу үшін гранттар санын ұлғайтуға – 3,4 млрд.тг., сумен жабдықтау қызметтеріне – 32,4 млрд.тг., шағын және орта бизнесті дамытуға – 73,7 млрд.тг., 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға – 90 млрд.тг., газ тасымалдау жүйесін дамытуға - 8,7 млрд.тг., 3500-ден астам ауылды жаңғыртуға – 70 млрд.тг., азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға – 24,9 млрд.тг. көлемінде қаржы бөлінетін болды.

Әлемдік пандемияға айналған Короновирустық инфекцияға қарсы күреске бағытталған іс-шараларға – 265 млрд.тг. оның ішінде: короновирустық пандемиясына қарсы іс шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін қосымша ақыларға – 69,5 млрд.тг., ПТР зерттеулерге – 80 млрд.тг. бөліну қарастырылған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша республикалық бюджеттен:

  • 3 аудандағы 26 ауылдық елді мекендерге газ өткізуге және газ құрылғыларын салуға – 870 млн.тг.
  • Ауылдық елді мекендердегі ішкі көшелерге асфальт төсеу мен жаяу жүргіншілер жолдарын салуға 6 ауданға 4,2 млрд. тг.
  • Орал қаласында және барлық аудандарға тұрғын үйлер салуға 3,9 млрд.тг.
  • Орал қаласында және 9 аудандағы ауылдық елді мекендерге инженерлік-коммуникациялық жүйелер (су, газ, жарық) өткізуге 4,6 млрд.тг.
  • Облысымыздың 9 ауданындағы ауылдық елді мекендерге су өткізуге 5 млрд.тг. қарастырылып отыр.
  • Сонымен қатар Ұлттық Қордан мақсатты трансферт ретінде облысымыздың оңтүстік аудандарына Ресейден су алу үшін 2,2 млрд.тг. бөлу жоспарға енгізілді.

    Индустриялды аймақты ұйымдастыру мен салуға 1,5 млрд.тг., Барбастау-Ақжайық-Индер (43-93 км), Чапай-Жаңақала-Сайхын (130-191км), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (68-139км) жолдарын реконструкциялауға – 3,2 млрд.тг., Орал қаласындағы кәріз су коллекторын реконструкциялауға – 174 млн. тг., Кирово-Шежін каналының IV-этапын реконструкциялауға – 1,2 млрд.тг. қарастырылған.

    Бұл республикалық бюджеттен қосымша бөлініп отырған қаржы көздері. Облысымыздың көлеміндегі қордаланған мәселелердің белгілі бір бөлігін шешуге мүмкіндігін беретіні сөзсіз.

    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуды заңнамалық негізде қамтамасыз ету үшін Парламент Мәжілісі 2021 жылдың қаңтарынан бастап кейбір заң жобаларын қарауына алып, оларды Мәжіліс депутаттары, орталық органдар, эксперттік қоғам, ҮЕҰ өкілдері мен кеңінен талқылау ұйымдастырып, ол жобалардың бірнешеуі  Мемлекет басшысының Жарлығымен күшіне енді.

    Мәселен «Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Жаңа заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау тетіктері енгізілді.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері жоғары белсенділік танытып, күнделікті қоғамды мазалайтын мәселелерді Парламент мінберінен  көтеруде. «Nur Otan» партиясы жанынан 15 Қоғамдық кеңес құрылды. Осындай Қоғамдық кеңестер облыстық, қалалық, ауылдық партия филиалдары жандарынан да құрылып, жұмыстарын бастап кетті. «Азаматтық қоғам және мемлекеттік басқаруды дамыту» жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің құрамына енгізілдім және оның алғашқы отырысына қатыстым.

    VII шақырылған Парламент Мәжілісіндегі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ретінде партиялас депутаттармен бірге Үкіметке 4 депутаттық сауал жолдап, 6 Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде заң жобаларына өз ұсыныстарымды енгіздім. 2 рет «Депутатқа сұрақ қой» тікелей эфиріне шығып, әлеуметтік желі арқылы сайлаушыларымыздың қойған сұрақтарына жауап беріп, кейбіреулерін орталық мемлекеттік органдарға жолдадым.

    1999 жылдан «Nur Otan» партиясының мүшесі, VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі ретінде басты міндетім – сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға бар білімім мен жинақтаған іс-тәжірибемді пайдалануымның қажеттілігін айқын түсінемін және ол үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.

    М. Құлшар

    Қазақстан Республикасы

    Парламенті Мәжілісінің депутаты,

    «Nur Otan» партиясы

    Фракциясының мүшесі.


    https://zhaikpress.kz/kk/news/sajlaualdy-bagdarlamany-zhuzege-asyru-basty-mindetimiz/