Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.04.2023

Мәжіліс Премьер-Министрдің Орынбасары – Үкімет Аппараты Басшысының кандидатурасына келісім берді


Астана, 3 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында Премьер-Министрдің Орынбасары – Үкімет Аппараты Басшысының лауазымына Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаевтың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің Орынбасары – Үкімет Аппараты Басшысы қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі