Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.04.2023

Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 3 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғаринның кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі