Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.04.2023

Мәжіліс ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 3 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі