Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.04.2023

Мәжіліс Ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына Әлібек Сәкенұлы Қуантыровтың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі