Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.04.2023

Мәжіліс Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына Марат Кәрімжанұлы Қарабаевтың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі