Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.04.2023

Мәжіліс Экология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Зүлфия Болатқызы Сүлейменованың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі