Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.04.2023

Мәжіліс Энергетика министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына Алмасадам Майданұлы Сатқалиевтың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі