Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына Нұрбек Саясаттың кандидатурасы келісілді.
Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі