Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.04.2023

Мәжіліс Ауыл шарашылығы министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі