Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.05.2023

Мәжіліс депутаттары мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаттары қоршаған орта мәселелерін талқылады


Астана, 4 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Альберт Рау мен Палатаның Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Қоршаған ортаны қорғау және еңбек жөніндегі комитетінің төрағасы Чон Хе-Чольмен кездесті.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, депутаттық топтармен тәжірибе алмасу және Мәжіліс пен Ұлттық Ассамблея комитеттерінің өзара іс-қимылын талқылады. Кездесудің басты тақырыбы экология саладағы заңнамалық мәселелер туралы болды. Сонымен қатар Чон Хе-Чоль мен әріптестері Арал теңізінің құрғауына байланысты экологиялық апаттың салдарымен күресу тақырыбын көтерді. Депутаттар осы бағыт бойынша бірлесіп жұмыс атқарудың жолдарын қарастырды.

Альберт Рау соңғы 20 жылдағы елдеріміздің парламенттері арасындағы ынтымақтастықтың табысты түрде дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, 2022 жылы Сеулге Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшелері барды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық заңнама саласындағы өзара іс-қимылды артыруға және басқа да бағыттар бойынша тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастыру туралы келісті.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01. Суретті түсірген С.Майлыбаев

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі