Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.09.2023

Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Т.Дүйсенованың кандидатурасымен келісті


Астана, 2 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Дүйсенова Тамара Босымбекқызының кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген – Ж.Жұмабеков

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі