Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.09.2023

Мәжіліс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 2 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Жақыпова Светлана Қабыкенқызының кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген – Ж.Жұмабеков.

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі