Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.09.2023

Мәжіліс Су ресурстары және ирригация министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 4 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовтың кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі