Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
12.10.2023

Мәжілісте Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық мәселелері талқыланды


Астана, 12 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесті.  Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Тәкиевтің жетекшілігімен өткен жиында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Мәди Тәкиев Қазақстан Дүниежүзілік банкпен стратегиялық әріптестік қатынастарды және оның мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

 – Қазақстан Банктен қаржыландыру тұрғысынан да, сараптамалық жағынан да айтарлықтай қолдау алды. Бірлескен жобалардың ауқымы біздің байланысымызды одан әрі нығайтып келеді. Алдағы жұмысмыз жемісті әрі тұрақты болатынына сенімдіміз, – деді М.Тәкиев.

 Өз кезегінде Андрей Михнев Дүниежүзілік банк үшін Қазақстанмен, соның ішінде Парламентпен 30 жылдан бері нәтижелі жүргізіліп келе жатқан ынтымақтастықтың маңызы зор екенін айтты.

 Жиынға Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы аға экономисі Наташа Шарма және бағдарламалар мен жобалардың үйлестірушісі Қанат Қайырберлі қатысты.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-04, Фото Ж.Жұмабеков.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі