Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.11.2023

Мәжілісте әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды


Астана, 27 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде Айгүл Құспанның төрағалығымен «Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамтамасыз етудің, сондай-ақ әскери қызметшілердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа шығуының проблемалық мәселелері» жөнінде тақырыптық отырыс өтті.

 Отырысқа Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Бас прокуратураның өкілдері қатысты.

Комитет төрағасы Айгүл Құспан әскери қызметтің оң имиджін қалыптастыру үшін әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі маңызды екенін және бұл үшін мемлекет тарапынан жеткілікті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Алайда бірқатар әскери зейнеткер бірнеше жылдан бері өздеріне есептелген зейнетақы мөлшеріне наразылық білдіріп жүр. Бұл мәселені шешу үшін Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов зейнетақы төлемдеріне қатысты тәсілдерді өзгерту ұсынылып отырғанын айтты.

Сондай-ақ кездесу барысында әскери қызметкерлердің бала күтімі үшін еңбек демалысына шығу мәселелері де сөз болды. Осыған байланысты министрлік тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету үшін бірқатар шара ұсынды.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың есептерін тыңдаған соң депутаттар тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеу бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-04


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі