Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.02.2024

Мәжіліс Денсаулық сақтау министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 6 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау министрі лауазымына Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызының кандидатурасы келісілді. 

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Денсаулық министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі