Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.02.2024

Мәжіліс Экология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 6 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Нысанбаев Ерлан Нұрәлиұлының кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген – Ж.Жұмабеков.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі