Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.02.2024

Мәжіліс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 6 ақпан, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Жақыпова Светлана Қабыкенқызының кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген – Ж.Жұмабеков.

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі