Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
17.05.2024

Мәжілісте 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің таныстырылымы өтті

Мәжілісте Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымы өтті. Жиынға Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева жетекшілік етті.  

17.05.2024

Мәжіліс экономикалық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау жөніндегі заң жобасын қарайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

15.05.2024

Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңа редакциясын екінші оқылымда қабылдады

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Мемлекеттік сатып алу туралы» және оған ілеспе заң жобаларын, сондай-ақ «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүруін ұйымдастыру мен жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

14.05.2024

Мәжіліс төрағасының орынбасары Азия әйелдері форумына қатысты

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Өзбекстанда өтіп жатқан Азия әйелдері форумына қатысты. Онда әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріндегі өңірлік тәсілдер талқыланды.

14.05.2024

Мәжілісте Қазақстан мен Халықаралық Қызыл крест комитеті арасындағы өзара іс-әрекет мәселесі талқыланды

Мәжіліс депутаттары Юлия Кучинская, Гүлдара Нұрымова, Ирина Смирнова және Үнзила Шапақ Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өңірлік директоры Ариан Бауэрмен кездесті.

10.05.2024

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

09.05.2024

Мәжіліс төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

06.05.2024

Мәжіліс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасына келісім берді

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына Жаслан Хасенұлы Мәдиевтің кандидатурасы келісілді.

02.05.2024

Мәжіліс төрағасы Бас мүфтимен және Православие шіркеуінің басшысымен дін туралы жаңа заң жобасын талқылады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлын және Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды қабылдады.

02.05.2024

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар мемлекеттік статистика және деректерді басқару және есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады.