Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Еуразия елдері парламенттері төрағаларының төртінші кеңесі

2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Астана қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесі өтеді.

Парламенттік форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады.

Еуропа мен Азиядан келген Парламент өкілдері еуразиялық кеңістіктің қауіпсіз және тұрақты даму жолдарын талқылайды.

Ұлттық парламент және халықаралық ұйымдардың өкілдерінің басты назары континент мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін парламентшілерді үйлестіру мәселелері, XXI ғасырдың ең ірі интеграциялық экономикалық жобаларды жүзеге асыруға бағыттайды.

Жиналысқа қатысушылар заң шығару тәжірибесімен бөлісіп, парламентаралық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді сипатын нығайту үшін келешек бағыттарды айқындай алады.

24.09.2019
МӘЛІМДЕМЕ (2019 жылғы 24 қыркүйекте қабылданды, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы)
09.07.2019
Нұр-Сұлтан, 9 шілде, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия құрлығында серіктестікті нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын іске асыру барлық Еуропа және Азия елдерінің тұрақты болашағына ықпал ететініне сенім білдірді.
24.06.2019
Нұр-Сұлтан, Мәжіліс үйі, 24 маусым. Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.
25.04.2019
Нұр-Сұлтан, Мәжіліс үйі, 25 сәуір. Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.