Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.01.2021

Н.Нығматулин: Мәжіліс Президенттің барлық тапсырмаларына заңнамалық жағынан қолдау көрсетеді


Нұр-Сұлтан, 26 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттері туралы айта келіп, қажетті заңнамалық база құрылатынын атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бұл жұмысқа Мәжілістегі саяси партиялардың барлық фракциялары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының депутаттары белсенді қатысады.

-Мемлекет Басшысы адал бәсекелестікке кедергі келтіретін негізгі мәселелерді шешуге бағытталған заң жобасын қабылдауды қамтамасыз етуге нақты тапсырма берді. Ел Президенті заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтіп, дербес деректерді қорғауға ерекше назар аударды, - деді Палата Спикері.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин депутаттық корпустың үйлесімді жұмысы, фракцияаралық диалог, сондай-ақ Үкіметпен сындарлы ынтымақтастық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға ықпал ететін сапалы заңдар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж. Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі