"Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімі"

Қасымбеков Талғат Амангелдіұлы
Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің меңгерушісі
1971 жылы 13 шілдеде туған.

Білімі жоғары:

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филолог, орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік қызмет менеджері;

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (Қазақстан)/Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

1993-1998 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып қызмет істеді.

2000-2001 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бас маманы.

2001-2012 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің бас консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айында ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлімнің негізгі міндеттері мен функцияларының қатарына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің халықаралық қызметін қамтамасыз ету кіреді, оның ішінде:

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, оның орынбасарларының, депутаттарының және Аппарат қызметкерлерінің парламентаралық және халықаралық қызметін ұйымдастырушылық-хаттамалық, ақпараттық-талдамалық және паспорттық-визалық қамтамасыз ету;

-парламентаралық ұйымдармен, шетел парламенттерімен Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпуспен өзара іс - қимыл жасауды қамтамасыз ету;

-Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі делегацияларының шетелге ресми және жұмыс сапарларын ұйымдастыру және шетел парламенттері мен парламентаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасына ресми және жұмыс сапарларын ұйымдастыру;

-халықаралық іс - шараларды ұйымдастырушылық - хаттамалық қамтамасыз ету.