Жеке парағыБАПИ Ермұрат Сейтқазыұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі 1959 жылдың 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында туды, үйленген, 7 баласы бар.
БІЛІМІ – ЖОҒАРЫ:
Қазақ мемлекеттік университетінің (Алматы қаласы) журналистика факультетін 1985 жылы бітірді, мамандығы «журналист».
ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:
1976-1977 жылдары Зайсан аудандық (ШҚО) «Достық» газеті – корреспондент;
1985-1990 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде (қазіргі «Дидар») корреспондент, аға корреспондент, жаңалықтар бөлімінің меңгерушісі;
1990-1993 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің коррепонденті;
1993-1995 жылдары Қазақстан Республикалық телерадио корпорациясында «Қазақ Радиосы» бас директорының орынбасары;
1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;
1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері Одағында президенттің (Әкежан Қажыгелдин) кеңесшісі;
1999-2004 жылдары «СолДАТ» газетінің шығарушы (издатель), бас редакторы;
2004-2008 жылдары «Қазақстанның тәуелсіз ақпарат тарату» Қоғамдық бірлестігінде директор;
2008-2009 жылдары «ДАТ – Тасжарған» газетінің шығарушысы;
2010-2021 жылдары «ДАТ – Общественная позиция» газеті - бас редактордың кеңесшісі, бас редакторы;
2023 жылғы 29 наурыздан – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты.