Мәжіліске Әзірбайжан елшісі келді
Нұр-Сұлтан, 1 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті. Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестиция, парламентаралық және мәдени-ізгілікті байланыстары туралы пікір алмасты.Мәжіліс депутаттары Өзбекстан Президентінің сайлауына бақылаушы ретінде қатысты
Нұр-Сұлтан, 25 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Жәмилә Нұрманбетова және Фахриддин Қаратаев Өзбекстан Президентінің сайлауында ТМД ПАА және ТүркПА байқаушылар миссиясының құрамында бақылаушы ретінде барды. Сапар барысында депутаттар екі жақты кездесулер өткізіп, ТМД ПАА халықаралық бақылаушылар тобының ұйымдастыру кеңестеріне қатысты. Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содик Сафоевпен, Олий Мажлисінің заң шығару палатасы Төрағасының бірінші орынбасары Акмал Саидовпен және Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаевпен кездесті. Сонымен қатар, депутаттар Өзбекстан Республикасының Президенттігіне кандидаттыққа ұсынылған бірқатар партия өкілдерімен де жүздесіп, пікір алмасты.Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сауд Арабиясы Королдігі Парламентінің Төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, 19 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы және мұсылман елдеріндегі ең маңызды серіктестерінің бірі екенін айтты. Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін, бүгінде бұл бағытты Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Палата Спикері Сауд Арабиясы Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды әріптестерінің бірі екенін, екі ел басшыларының бірлескен жұмыстары Нұр-Сұлтан және Эр-Рияд қалалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң серпін беретініне мән берді. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин бейінді парламенттік комитеттер арқылы өзара сапарлар алмасу тәжірибесін одан әрі белсенді жалғастыра отырып, парламентаралық ұйымдар шеңберінде жұмысты әрі қарай тиімді ынталандыру керектігіне тоқталды. Өз кезегінде, мәртебелі мейман екі ел арасындағы саяси-экономикалық байланыстың ерекше дамып келе жатқанын, осы қалыптасқан қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Әл Аш-Шейх Қазақстан мен Сауд Арабиясы қатынастарын жан-жақты нығайту және арттыру парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді.Мәжіліс депутаты халықаралық іс шараға қатысты
Нұр-Сұлтан, 13 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Санкт-Петербургте өткен III Еуразиялық әйелдер форумының жұмысына қатысты. Іс-шарада әйелдердің саясат пен бизнестегі көшбасшылығы, жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту, экология, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, еріктілер қозғалысы және басқа да салалардағы мәселелер талқыланды. Халықаралық іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Л. Рамазанова әйелдердің өмір сүру сапасын арттыру және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жайында айтты. Депутат бүгінде әлем елдері жаһандық және өңірлік сын-тегеуріндерден туындаған жалпы проблемалар мен кедергілерге тап болып жатқанын айтты. Осы ретте, оларды еңсеруге Еуразиялық гендерлік ағарту орталығын құру ықпал ететін және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласында озық тәжірибемен алмасу үшін Алматыда құрылатын Орталық Азия өңірлік білім орталығының алаңын ұсынуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, депутат орталықтың негізінде еларалық гендерлік зерттеулер институтын құруды ұсынды. Айта кету керек, төрт жылда бір рет өткізілетін іс-шараға 110 елден делегаттар қатысады.Мәжіліс депутаты БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, 13 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының жетекшісі Наталья Германмен және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі және БҰҰДБ Еуропа мен ТМД бойынша Өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич Эггермен кездесті. Кездесу барысында Дариға Назарбаева мен Наталья Герман Қазақстан мен БҰҰ-ның білім беруді дамыту, экология, әйелдер мен жастар бастамасын қолдау саласындағы әріптестік мәселесін талқылады. Дариға Назарбаева БҰҰ-ның маңызды рөлін атап, «БҰҰ халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландыратын жаһандық ұйым болып қала береді» деді. Наталья Герман тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қол жеткізген табысын жоғары бағалап, еліміздің бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақты дамуды нығайту саласындағы халықаралық бастамаларын ерекше атады. Әрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің «Қазақстан мен БҰҰ әріптестігі үлгі-өнеге» деген сөзін тілге тиек етті. Тараптар Қазақстанның Алматы қаласында БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы бастамасының өзектілігіне тоқталды. Наталья Герман БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясын Алматыға уақытша орналастыру мәселесін жедел шешкені үшін БҰҰ атынан Қазақстанға алғыс білдірді. Әйелдердің өзін-өзі таныту мүмкіндіктерін кеңейтуге тоқталған БҰҰ-ның арнаулы өкілі бұл бағытта Қазақстанда нақты реформалардың жүзеге асып жатқанын атап өтті. Парламентте және жергілікті өкілді органдарда әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілген еді. Бұған қоса, Қазақстан Еуропалық одақпен бірлескен білім беру бағдарламасына Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқыту туралы бастама көтерді. Наталья Герман алғашқы отырысы 2020 жылы желтоқсан айында өткен көшбасшы әйелдер кеңесін құру жөніндегі бастамасы үшін Дариға Назарбаевқа алғыс айтты. «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры білім беру, жастар бастамасын қолдау саласындағы жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Әріптестік пен тәжірибе алмасуға біздің мүмкіндігіміз мол деп ойлаймын. Сол себепті, Дариға Нұрсұлтанқызы, сізді биыл желтоқсанда Ташкентте өтетін көшбасшы әйелдер кеңесінің келесі отырысына қатысуға шақырамын», - деді Наталья Герман. Мәжіліс депутаты өз кезегінде қарттардың жұмысқа орналасуын, бос уақытын жақсы өткізуін, денсаулығын нығайтуға арналған бағдарламалар жасауға баса мән беруді ұсынды. Дариға Назарбаеваның БҰҰДБ Еуропа мен ТМД бойынша Өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич Эггермен жүздесуі тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру мәселесіне арналды. Мирьяна Сполярич Эггер Қазақстанда гендерлік мәселеге байланысты ТДМ мемлекетішілік бағдарламалар мен стратегиялардың сәтті түрде интеграцияланғанын ерекше атады. БҰҰ өкілі Қазақстанның әйелдер құқығын қорғау, өңірлік деңгейде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бастамаларын оң бағалады.Мәжіліс депутаттары Еуропарламенттегі әріптестерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, 12 қазан, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Снежанна Имашева, Айдос Сарым, Айжан Сқақова және Андрей Линник Бельгияда өткен "Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ" (ҚР-ЕО) парламенттік ынтымақтастық комитетінің кезекті 18-ші отырысына қатысты. Іс-шара барысында ҚР-ЕО желісі бойынша болашақ ынтымақтастық үшін бірқатар перспективалық бағыттар туралы айтылды. Атап айтқанда, экономика, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, экология және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мәжіліс депутаттары еуропалық әріптестерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі саяси бастамалары, коронавирус пандемиясы жағдайындағы Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешені, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі жайынан хабардар етті. Өз кезегінде, Еуропалық Парламент депутаттарының тарапынан еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, өлім жазасын жоюға, сайлау заңнамасын жетілдіру сияқты қазақстандық саяси реформаларға жоғары баға берілді.Нұрлан Нығматулин Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокпен кездесті
Нұр-Сұлтан, 11 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Словакия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын талқылады. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Словакия Қазақстан үшін маңызды серіктес ел екенін, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнаған жылдар ішінде сенімді саяси диалог жолға қойылып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға кездесулер барысында қол жеткізілген барлық келісімдерді іске асыру Қазақстан мен Словакия арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар, отырыста Мәжіліс Төрағасы Парламенті Мәжілісінің заң шығарушылық жұмысы туралы айтып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси жүйені жаңғырту үдерістерін қолдау, азаматтық қоғамды дамыту үшін заңнамалық база құру жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бүгінде екі елдің Парламент өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеялары, Еуропа Кеңесі, Парламентаралық Одақ сияқты парламентаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жасауда. Өз кезегінде, Иван Корчок Қазақстан мен Словакия арасындағы байланыс, оның ішінде парламентаралық қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін айтты. Сонымен қатар, Словакия Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан Орта Азия бойынша жаңғыру, адам құқығы, азаматтық қоғам жағынан көш бастап келе жатқанын атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Иван Корчок парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафаровамен парламентаралық байланысты талқылады
Нұр-Сұлтан, 29 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафаровамен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Әзірбайжан басшыларының уағдаластықтарын заң жағынан қолдау, сондай-ақ екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын дамытуға арналған мүмкіндіктерін атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова ынтымақтастық жөніндегі топтардың, тиісті комитеттердің бірлескен жұмысын жандандыруды, заңнамалық тәжірибе алмасуды қолдап, пікір алмасты. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанмен қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік пен бауырлас халықтар арасындағы достық рухында нығайту үшін берік іргетас қалауға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакумен ынтымақтастықты тереңдетуге мән береді. Өз кезегінде, Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафарова бауырлас елдерімізді түркі дүниесіне ортақ мәдениет, ортақ дәстүрлер, ортақ тарих байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар, Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қорытындылары туралы айтқан Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ түркі елдері арасындағы жан-жақты ықпалдастықты дамытатынына сенім білдірді.Н. Нығматулин: Түркістан декларациясы Елбасының тарихи үлесін атап көрсетеді
Нұр-Сұлтан, 28 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Түркітілдес елдердің Парламент өкілдері заманауи жаһандық сын-қатерлері аясында барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті. Бұл түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қабылданған Түркістан декларациясында көрініс тапты. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл тарихи құжат қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп қана қоймай, болашаққа деген жоспарларды да көрсетеді. МәжілісТөрағасы Нұрлан Нығматулин барлық қатысушыларға қасиетті қара шаңырақ, бүкіл «Түркі әлемінің рухани Астанасы» киелі Түркістан жеріне келіп, маңызды жиынға қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ, ТүркПА-ның мерейтойлық шаралары бауырлас елдер арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды парламенттік деңгейде одан әрі нығайтуға арналғанын айтты. Палата Спикерінің айтуынша, «Түркістан Декларациясы» бұл тарихи құжат бүкіл түркі елдерінің Атажұрты, рухани Астанасы киелі Түркістан жерінде қабылданғаны елдеріміз арасындағы достыққа, туыстыққа, сыйластыққа жаңа серпін береді. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, осы Түркістан Декларациясы ТүркПА-ның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңтеңдессіз жоғары рөлін бағалап, тарихи үлесін ерекше көрсетті. - Енді мүше елдеріміздің барлық сала бойынша ынтымақтастығын нығайту, ұйымның халықаралық мәртебесін күшейту, түркі елдер бірлігін тереңдету - осының барлығы алдағы бір жылдың ішінде біздің жұмыстарымыздың ең маңызды бағыттары болады. Және мұрагерлікті сақтап, ТүркПА-ға мүше мемлекеттер аясын кеңейтуге де баса назар аударатын боламыз, - деді Палата Спикері. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин осы жиында біз алғаш рет электрондық сауда, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және энергетикалық тиімділік, кинематография мәселелері бойынша халықаралық модельдік заңдар қабылдағанын атап өтіп, осының барлығы, біздің Ассамблея жұмысына жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Палата Төрағасы Әзербайжаннан, Қырғызстаннан, Түркиядан, Мажарстаннан, Өзбекстаннан келген әріптестеріне, барша халықаралық ұйым мүшелеріне бірлескен табысты жұмыс үшін алғыс білдірді. Іс-шара барысында Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сахиба Гафарова, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытов, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп сөз сөйледі. Айта кету керек, Түркістан декларациясының маңызды тармақтары Елбасының тарихи рөлін бекіту, еліміздегі Президенттік саяси реформалар пакетін қолдау, қауіпсіздікті нығайту, COVID-19 пандемиясының салдарымен күреске арналды. ТүркПА шешімі бойынша келесі XI пленарлық отырыс 2022 жылы Қырғызстанда өтеді.Нұр-Сұлтан, 28 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қатысушыларына құттықтау хат жолдады. Құттықтау хатты жиналғандар алдында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқып берді. - Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА бауырлас елдердің бірлігін бекемдейтін беделді ұйым. Мерейтойлық басқосудың қасиетті Түркістан қаласында өтуінің зор символдық мәні бар. Түркі дүниесінің рухани астанасында өтіп жатқан алқалы жиын тамырлас халықтарды ортақ мүддеге жұмылдырады. Біздің елдеріміз алдына зор мақсаттар қойып отыр. Жаңа сын-қатерлерге төтеп береміз десек, өзара ынтымақтастықты барынша нығайта түсуіміз қажет. Әріптестеріміздің әлеуетін арттырып, түркі әлемінің халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз, - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында. Қасым-Жомарт Тоқаев осы ретте жаһандық және өңірлік түйткілдерге байланысты ұстанымымыз бір болуы айрықша маңызды екенін атап өтті. - Бұл жұмыста ТүркПА-ның алатын орны ерекше. Біздің парламенттеріміз әрбір мәселеге түркі жұртының тұтастығы тұрғысынан қарауы керек. Бүгінгі басқосуда осы бағытта салиқалы ойлар айтылып, тың бастамалар көтеріледі деп сенемін! – деді Мемлекет басшысы. Осы орайда, Қ. Тоқаев пленарлық отырысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Түркі халықтары бірлігінің арта беруіне ниеттестік білдірді.
Нұр-Сұлтан, 28 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысында Қазақстанның ТүркПА-ға төрағалығының негізгі бағыттарына назар аударды. Сессия жұмысына ТүркПА-ға мүше елдердің Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның, сондай-ақ қонақ ретінде Өзбекстанның және бақылаушысы мәртебесімен Мажарстанның парламенттік делегациялары, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының, бақылаушы ұйымдардың және басқа да мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты. Нұрлан Нығматулин, Ассамблея қызметінің алдағы негізгі бағыттары ең алдымен, Түркі әлемінің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруға серпін беретін «Түркі келешегі – 2040» стратегиялық құжатын әзірлеу екенін айтты. - Біз Кеңесте ТүркПА-ның Модельдік заңдар туралы ережесін қабылдадық. Сонымен бірге ТүркПА заң жобалау қызметінің 2022-2027 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлейтін боламыз. Жаңа цифрлық технологиялардың дамуы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көңіл бөлуді қажет етеді. Сондықтан, біз «Киберқауіпсіздік туралы» модельдік заң қабылдауды ұсынамыз, - деді Палата Спикері. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, тағы бір негізгі бағыт – ол халықаралық қатынас. Сонымен қатар, отырыс барысында қауіпсіздік жағдайына ерекше назар аударылды. Бұл бағытта, әсіресе, Ауғанстандағы қазіргі жағдай алаңдатып отыр. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының қызметкерлері уақытша Алматыға көшірілді. Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы бүгінгі күні аталған елдің гуманитарлық дағдарыс алдында тұрғанына баса айтып: -Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Алматыда халықаралық гуманитарлық - логистикалық хаб құруды ұсынамыз. Тағы бір мәселе ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттер аясын кеңейту, - деді. Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы мерейтойлық отырысқа Өзбекстан Парламентінің өкілдері де қатысып отырғанына қуанышты екенін жетікізіп, қазіргі уақытта Түркмен әріптестермен де парламентаралық байланыстың нығайып келе жатқанын атап өтті. Нұрлан Нығматулин Түркі әлемінің бірлігі біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтумен тікелей байланысты екеніне назар аударып, төрағалық барысында мәдениет, ғылым және білім саласындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлетініне тоқталды. Мәжіліс Төрағасы отырыс барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл «Түркістан» телеарнасы ашылғанын, аз ғана уақыттың ішінде бұл телеарна заманға сай үздік техникалармен қамтамасыз етіліп, жоғары кәсіби мамандармен толыққанын айтты. - Түркістан бүкіл Түркі әлемінің «рухани Астанасы» болғандықтан, аталған телеканалды жалпы Түркі мемлекеттеріне ортақ арна жасауды ұсынамын, - деді Нұрлан Нығматулин. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, ол елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси даму жолын және парламенттер қызметін жан-жақты насихаттап, бүкіл Түркі елдеріне қажетті ақпараттық орта қалыптастыруға үлес қосатын болады.Мемлекет басшысы бауырлас елдердің бірлігін нығайтудағы ТүркПА-ның рөлін атап өтті
Нұр-Сұлтан, 28 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қатысушыларына құттықтау хат жолдады. Құттықтау хатты жиналғандар алдында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқып берді. - Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА бауырлас елдердің бірлігін бекемдейтін беделді ұйым. Мерейтойлық басқосудың қасиетті Түркістан қаласында өтуінің зор символдық мәні бар. Түркі дүниесінің рухани астанасында өтіп жатқан алқалы жиын тамырлас халықтарды ортақ мүддеге жұмылдырады. Біздің елдеріміз алдына зор мақсаттар қойып отыр. Жаңа сын-қатерлерге төтеп береміз десек, өзара ынтымақтастықты барынша нығайта түсуіміз қажет. Әріптестеріміздің әлеуетін арттырып, түркі әлемінің халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз, - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында. Қасым-Жомарт Тоқаев осы ретте жаһандық және өңірлік түйткілдерге байланысты ұстанымымыз бір болуы айрықша маңызды екенін атап өтті. - Бұл жұмыста ТүркПА-ның алатын орны ерекше. Біздің парламенттеріміз әрбір мәселеге түркі жұртының тұтастығы тұрғысынан қарауы керек. Бүгінгі басқосуда осы бағытта салиқалы ойлар айтылып, тың бастамалар көтеріледі деп сенемін! – деді Мемлекет басшысы. Осы орайда, Қ. Тоқаев пленарлық отырысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Түркі халықтары бірлігінің арта беруіне ниеттестік білдірді.Қазақстан ТүркПА-ға төрағалықты қабылдап алды
Нұр-Сұлтан, 28 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Түркі елінің атажұрты, қасиетті қарашаңырақ, киелі Түркістан қаласында Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Онда Қазақстан ТүркПА-ға төрағалық етуді Әзербайжан елінен қабылдап алды. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин халықаралық ұйымға төрағалық етуді ерекше құрметпен қабылдап алып, бұл біздің ел үшін үлкен мәртебе және зор жауапкершілік екенін алға тартты. Осы орайда Палата Спикері бауырлас әзірбайжан халқына шын жүректен алғысын білдірді. - Түркі Кеңесінің отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы, ТүркПА-ның негізін қалаушы, түркі Кеңесінің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осы Кеңесті толықтай халықаралық ұйымға өзгерту туралы бастама көтерген болатын, - деді Мәжіліс Төрағасы. Палата Спикерінің айтуынша алдымызда қараша айында Ыстамбулда өтетін Түркі Кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшылары тиісті шешім қабылдайды деп күтілуде. Сонымен қатар, егер сондай шешім қабылданса, Ассамблеяның атауын Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы деп өзгертуді ұсынатынына тоқталды. - Алдағы бір жыл ішінде біз қалыптасқан мұрагерлікті сақтай отырып, елдеріміздің арасындағы байланысты одан әрі тереңдету, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Ассамблея аясын кеңейту және халықаралық беделін арттыру жолында бірлесе еңбек ететін боламыз, - деді Нұрлан Нығматулин. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы биылғы жыл Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстан үшін ерекше тарихи кезең екенін, мемлекеттеріміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толатынын атап өтті. - Бұл уақыттың ішінде елдеріміз көптеген қиындықтарды жеңіп қана қоймай, үлкен табыстарға, айтулы жетістіктерге жетті. Оған біздің Парламенттік Ассамблеяның да қосып жатқан үлесі өте зор, - деді Нұрлан Нығматулин. Айта кету керек, ұйым құрылған күннен бастап, өзара іс-қимылды күшейтуге, мемлекетаралық байланысты нығайтуға, елдеріміздің халықаралық беделін арттыруға, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келеді.Н.Нығматулин ТүркПА-ның Түркістандағы X пленарлық отырысы аясында екіжақты кездесулер өткізді
Нұр-Сұлтан, 28 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысы аясында Венгрия, Қырғызстан парламенттері сондай-ақ Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы делегацияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді. Нұрлан Нығматулин түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық сессиясын өткізудің маңыздылығы мен символдық мәнін атап өтіп, қаланың қазіргі жандануы және жаңаруы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жүріп жатқанын атап өтті. Мәжіліс Спикері отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. -Биыл Қазақстан мен Қырғызстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Осы уақыт ішінде елдеріміз айтарлықтай жетістіктерге жетті. Біздің мемлекеттер басшыларының маңызды бастамаларын қолдау үшін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қатынастар, оның ішінде парламентаралық деңгейде де одан әрі дами беретініне сенімдімін, - деді Нұрлан Нығматулин Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытовпен кездесуде. Халықаралық парламенттік ұйымдар шеңберінде парламентшілердің өзара іс-қимылын нығайту мәселелері ТүркПА-да бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан мен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы делегацияларының басшыларымен талқыланды. Біздің елдеріміздің басшылары үнемі көрсетіп отыратын даму жөніндегі ортақ көзқарастарды Қазақстан мен Мажарстан парламентшілері де ұстанады, - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин Мажарстан Мемлекеттік жиналысының бірінші вице-спикері Марта Матраймен кездесуде. Модельдік заң шығару базасын қалыптастыру, парламенттік дипломатияны нығайту тетіктеріне деген қызығушылық Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы Бас хатшысы Асаф Гаджиевпен келіссөздер барысында атап өтілді.Н.Нығматулин мен М. Шентоп Қазақстан мен Түркия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың басымдықтарын талқылады
Нұр-Сұлтан, 27 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізге ресми сапармен келген Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесіп, екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылын тереңдету туралы уағдаласты. Кездесу барысында тараптар қос мемлекеттер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда Түркиямен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетініне назар аударды. Бүгінде бұл жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде жалғастырып, Нұр-Сұлтан мен Анкара арасындағы берік байланыс нығаю үстінде. Мәжіліс Төрағасы Түркия Спикерінің Қазақстанға ресми сапары парламентаралық байланысты нығайту жолында маңызы өте зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, Палата Төрағасы мәртебелі мейманға еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы және оларды заң деңгейінде қамтамасыз ету жайында баяндады. Атап айтқанда, түрік кәсіпкерлерінің қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, туризмді дамыту бойынша инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы сөз болды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Мәжіліс депутаттары жұмыс істеп жатқан «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы шетелдік инвесторларға, соның ішінде түрік компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Өз кезегінде, Мұстафа Шентоп: -Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысы Түркістан қаласында өтетініне өте қуаныштымыз. Келесі жылы Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнағынаны 30 жыл толады. Бұл да біз үшін ерекше маңызды. Біз өзіміздің шыққан жеріміз, тегіміз Қазақстан екенін ұмытпаймыз. Қазақстанға келген сайын өзіміздің ата-жұртымызға келгендей қуанышпен, мақтанышпен келеміз, - деді. Сонымен бірге, Шентоп мырза Түркітілдес елдердің байланысын нығайтуда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін атап өтіп, Түркия үшін Қазақстанның орны ерекше екенін және рухани орталығы екенін жеткізді. Нұрлан Нығматулин мен Мұстафа Шентоп парламентаралық диалог, палата комитеттері арасындағы сындарлы байланыс Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды. Айта кету керек, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанға ресми сапары аясында 28 қыркүйекте Түркістанда өтетін Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысына қатысады.Нұрлан Нығматулин Тәжікстан Парламенті Милли Мажлисінің Төрағасы Р. Эмомалимен кездесті
Нұр-Сұлтан, 24 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомалимен кездесті. Онда екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылының перспективалық бағыттары талқыланды. Тәжікстан еліміздің Орталық Азиядағы маңызды серіктесі әрі сенімді одақтасы екенін айтқан Мәжіліс Төрағасы Қазақстан басшылығының екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин қос елдің стратегиялық серіктестік деңгейіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон орнатқан ынтымақтастықтың қол жеткізген нәтижесіне екеніне назар аударды. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдағы Душанбеге ресми сапары өзара іс-қимылдың дамуына серпін берді. Өз кезегінде, Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомали екіжақты ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді: - Біз бауырлас Қазақстанмен қарым-қатынастың бүгінгі деңгейін бағалаймыз. Достас екі мемлекет басшыларының сенімді диалогы біздің елдеріміздің өзара табысты іс-қимылының қарқынды дамуына және құқықтық базаны жетілдіруге ықпал етеді, - деді Рустам Эмомали. Тараптар Қазақстан-тәжік қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық диалогты жандандыруды қолдады. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде мемлекеттер алдында тұрған барлық мәселелерді шешу үшін күш-жігерді жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті. Мәжіліс Спикері Палата депутаттарының заң шығару қызметі туралы айтып, Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қолдау жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Кездесу барысында Ауған мәселелері тұрғысынан өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Ауғанстандағы берік бейбітшілікті қалпына келтірудің және гуманитарлық дағдарысқа жол бермеудің маңыздылығы туралы айтылды.Нұрлан Нығматулин ТүркПА-ның Бас хатшысын қабылдады
Нұр-Сұлтан, 16 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады. Кездесу барысында ТүркПА-ның мерейтойлық X пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды. Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумы үстіміздегі жылдың 27-28 қыркүйегінде түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласында өтеді. ТүркПА Кеңесінің Х пленарлық отырысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің басшылары қатысады деп күтілуде. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі туралы айтып, X пленарлық сессияның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бұл депутаттарға алғашқы онжылдықтағы жұмысының қорытындысын шығарып қана қоймай, қазіргі заманның өзекті мәселелерін ескеретін және одан әрі ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын толық ауқымды талқылауға мүмкіндік беретініне назар аударды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Парламент өкілдерін қамтиды. Венгрия 2014 жылы осы парламенттік ұйымда бақылаушы мәртебесін алды. ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық отырысына Өзбекстанның Парламент өкілдері де шақырылды.Нұрлан Нығматулин Венадағы Дүниежүзілік парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді
Нұр-Сұлтан, 8 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуды және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін парламенттік дипломатия құралдарын пайдалануды қолдады. Осы күндері Вена қаласында өтіп жатқан парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясы аясында Нұрлан Нығматулин еуропалық және азиялық парламентшілермен, халықаралық парламенттік ұйымдар басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегация өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Парламентаралық Одақтың төрағасы Дуарте Пашекомен кездесу барысында одан әрі өзара іс-қимылдың келешегі жайы талқыланды. Сонымен қатар, Мәжіліс Спикері қазақстандық Парламент өкілдері негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтай отырып, барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, әлеуметтік әділ және қауіпсіз әлем пайымына негізделген Парламентаралық Одақтың қағидаттарын ұстанатынын атап өтті. Сонымен қатар, кездесу барысында Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың маңыздылығы туралы да айтылды. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Парламентаралық Одақ парламенттік дипломатия құралдарын пайдалана отырып, Ауған мәселесін реттеуде маңызды рөл атқара алар еді. Мәжіліс Спикері Парламент өкілдеріне толеранттылық пен мәдени сан алуандық идеологиясын ілгерілету, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешуге және ымыраға келуге шақыру қажет деп есептейді. Мәжіліс Төрағасы өзінің испандық әріптесі - Депутаттар конгресінің Спикері Меритчель Батетпен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформаларға, сондай-ақ әйелдер мен жастардың саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, партиялардың Парламентке өтуінің шекті деңгейін 7-ден 5% - ға дейін төмендетуге, сайлау бюллетеньдеріне «баршаға қарсы» бағанын енгізуге және т. б. мәселелерге қатысты өзгерістерге назар аударды. Біз Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын және демократияны нығайту бағытында үлкен қадамдар жасалып жатқанын көріп отырмыз. Ең алдымен, әйелдер мен жастардың рөлін күшейтуге қатысты саяси реформалар – бұл жалпы демократияны дамыту үшін өте маңызды, - деді өз кезегінде Меритчель Батет. Одан әрі Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Пак Бён Сокпен кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту тақырыбы жалғасын тапты. Тараптар қазақстандық және кореялық Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылының кеңеюі екі мемлекет басшыларының уағдаластықтарын іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин атап өткендей, жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сеулге мемлекеттік сапары екі елдің саяси диалогын дамытуға және стратегиялық серіктестігін кеңейтуге серпін берді. Мәжіліс Спикері Әзербайжан және Қырғызстан парламенттерінің басшылары Сахиба Гафарова және Талант Мамытовпен кең ауқымды мәселелерді талқылады. Нұрлан Нығматулин Парламент өкілдерінің, соның ішінде түркі институттары аясындағы бірлескен сындарлы жұмысы бауырлас халықтар мен елдер арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды, достық пен тату көршілікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының биылғы қыркүйек айының соңында Түркістанда өткізілуі жоспарланған X пленарлық отырысы алдағы ынтымақтастық үшін жаңа перспективалық бағыттарды ашатынын атап өтті. Парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясы аясында Нұрлан Нығматулин Бельгия Корольдігі Федералдық Парламентінің спикерлері: Өкілдер палатасының төрағасы Элиан Тильемен және Сенат төрағасымен Стефани Д ' Озбен келіссөздер жүргізді.Нұрлан Нығматулин Венадағы парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясында сөз сөйледі
Нұр-Сұлтан, 8 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясында сөйлеген сөзінде Қазақстан басшылығының ауқымды реформалары, сондай-ақ заңнамалық қолдау елімізді халықаралық ұстанымдарға сәйкес дамуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация осы күндері Австрия астанасы Вена қаласында өтіп жатқан парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысуда. Мәжіліс Спикері көпжақты ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін парламенттік қызмет тақырыбына арналған интерактивті жалпы пікірталастарда сөз сөйледі. Осы ретте, Нұрлан Нығматулин біздің еліміздің халықаралық ұстанымдарға сәйкес тұрақты дамуға жол ашатын Қазақстанда қолға алынып жатқан маңызды бастамалар туралы айтты. Палата Спикері атап өткендей, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ықпалды мемлекет пен әділ қоғам құрудың тұжырымдамалық негізін қалады. Осы саяси бағытты бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жалғастырып келеді. Нұрлан Нығматулин қазақстандық қоғамның барлық салаларын қамтитын ауқымды жүйелі реформаларды сөз ете келіп, қоғамдық бақылау мен азаматтық белсенділікті, сонымен бірге ел басшылығының бастамаларын заңнамалық қолдауға баса назар аударды. Парламент реформаларды дер кезінде заң деңгейінде қамтамасыз ете отырып, белсенді қызмет атқаруда. Мәселен, сайлау заңнамасы мен сот жүйесін жетілдіруге бірқатар маңызды заңдар қабылданды. Сонымен бірге, саяси партиялар, бейбіт жиналыстар, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамалық актілерге де көптеген өзгерістер енгізілді, - деді Мәжіліс Спикері. Өз сөзінде Нұрлан Нығматулин Қазақстанның жаһандық және өңірлік деңгейлерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіне көңіл бөлді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи сын-қатерлерге байланысты тікелей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынды. Бұл мамандандырылған құрылым биологиялық қауіптерді болдырмауға ықпал етеді. Біз осы маңызды қазақстандық бастаманы әріптестеріміз белсенді түрде қолдайды деп сенеміз, - деді Мәжіліс Спикері. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин халықаралық күн тәртібіндегі Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру сияқты өзекті мәселе туралы айта келіп, бүгінгі таңда ең маңыздысы – Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысына жол бермеу екендігіне назар аударды. Мәжіліс Спикері қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің шешімі бойынша Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ Миссиясы біздің елімізде уақытша орналастырылғанын атап өтті. Бесінші Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясы коронавирустық пандемия басталғаннан бері тікелей ұйымдастырылып отырған алғашқы ауқымды парламентшілер форумы. Венадағы конференцияны Парламентаралық одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Әлемнің 90-нан астам елінің парламенттер спикерлері жиналған жиында-пандемиямен күресу және covid-19-дан кейін қалпына келтіру жөніндегі жаһандық шараларды қоса алғанда, шұғыл халықаралық парламенттік іс-қимылды талап ететін басымдықтар, климаттың өзгеруі және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін шешу, жалға ақпарат таратуға қарсы іс-қимыл, жастардың саясатқа қатысуы, гендерлік теңдік мәселелері қаралды. Қазақстандық Парламент өкілдері делегациясының құрамында Сенат пен Мәжіліс депутаттары бар.Нұрлан Нығматулин Венадағы парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысады
Нұр-Сұлтан, 6 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация 6-8 қыркүйек аралығында Вена қаласында өтетін Бесінші Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады. Парламентаралық Одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде ұйымдастырған форумда парламентшілер, атап айтқанда, пандемиядан кейінгі даму, оның ішінде климаттың өзгеруімен күресу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы реформалау туралы пікір алмасады. Парламент өкілдері көпжақты қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін диалог, өзара түсіністік және ынтымақтастық қағидаттары негізінде негізгі парламенттік іс-қимылдарды анықтайды. Осы тақырыпта өткізілетін интерактивті жалпы пікірталастарда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің сөз сөйлеуі жоспарланған. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің Еуропа және Азия парламенттерінің, халықаралық парламенттік ұйымдардың басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегациялардың өкілдерімен екі жақты кездесулері қарастырылған. Парламент спикерлерінің әрбір бес жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік конференциясы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық және адам құқықтары, демократия және гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға арналады.Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Ресей Федерация Кеңесінің Спикері Валентина Матвиенко ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, 28 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізге ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Қос мемлекетті тамырын тереңге тартқан көп ғасырлық тарихи ортақ тамырластық біріктіреді. Сондай-ақ, Палата Спикері қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің өзара сындарлы келісімдерінің арқасында жоғары деңгейде даму жолына түскенін, бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеумен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор көңіл бөлетінін атап өтті. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар және оларды заңдық деңгейде қаматамасыз ету барысындағы жетістіктер жайында баяндап берді. Өз кезегінде Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы пандемияға қатысты шектеулерден кейінгі алғашқы сапарын арнайы Қазақстанннан бастап отырғанын атап өтті. Валентина Матвиенко еліміздің 30 жылдық мерейтойын сөз ете келіп, тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыттың ішінде, біздің мемлекеттің экономикасы дамыған, әлемдік беделі жоғары, заманауи демократиялық елге айналғанын, Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі екенін, қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен табысты жалғасып келе жатқанын баса айтты. Сонымен қатар, екі ел арасындағы өзара тиімді іс-әрекетке, өзара құрметке негізделген берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта қарқынды дами беретініне тоқталды. Кездесу иелері парламентаралық, соның ішінде, ТМД парламентаралық ассамблеясы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт парламенттік ассамблеялары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық Одақ аясында ықпалдастықты тереңдету жөнінде әңгімеледі. Нұрлан Нығматулин мен Валентина Матвиенко парламентаралық диалог Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды.