Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
10.01.2020

Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Нұр-Сұлтан, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың аймақтарға сапары аясында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.

10.01.2020

Алматыда Мәжіліс депутаттары «Бақытты отбасы» орталығының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, 10 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Гүлмира Исимбаева мен Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Серік Құсайынов «Бақытты отбасы» орталығының жұмысымен танысты.

09.01.2020

Нұрлан Нығматулин көрнекті ғалым Өмірзақ Айтбайұлының отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, 9 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлының қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

08.01.2020

Нұрлан Нығматулин Иранда әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тегеран қаласына жақын маңда орын алған "Халықаралық Украина әуежолы" ұйымына тиесілі әуе кемесінің апатқа ұшырауынан қаза болған азаматтар елдерінің Парламенті төрағаларына көңіл айту жеделхатын жолдады.

08.01.2020

Мәжіліс депутаттары Алматы облысында кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Алматы облысында Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев, Амангелді Дәуренбаев және Әбдіманап Бектұрғановтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда.

08.01.2020

Мәжілісмендер Маңғыстау облысының шалғай аудандарында болды

Нұр-Сұлтан, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері Тарас Хитуов пен Сәкен Өтебаев Маңғыстау облысында Маңғыстау облысының Бекі елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті.

08.01.2020

Мәжілісмендер Алматы облысында азаматтарды қабылдауда

Нұр-Сұлтан, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Алматы облысының Іле ауданында Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев, Әбдіманап Бектұрғанов, Амангелді Дәуренбаев «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдау өткізді.

07.01.2020

Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, 7 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

06.01.2020

Мәжілісмендер Жамбыл және Қостанай облыстарының өндірістік кәсіпорындарында болды

Нұр-Сұлтан, 6 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары аймақтарда жұмысын жалғастыруда. Олар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарымен және халықпен кездесулерді өткізуде.

06.01.2020

Мәжілісмендер Қостанай облысының ауыл мұғалімдерімен «Педагог мәртебесі туралы» Заңың талқылады

Нұр-Сұлтан, 6 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары Ирина Аронова, Әлия Сапарова, Қуаныш Сұлтанов, Иван Клименко аймақтарға іс сапары аясында Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылының тұрғындарымен кездесті.

05.01.2020

Елордалық «Эндохирургия клиника» мәселелері депутаттық бақылауға алынды

Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы Гүлжан Қарақұсова және аталған Комитеттің Хатшысы Татьяна Яковлева Нұр-Сұлтанда өткен жылы ашылған эндохирургия клиникасының ұжымымен кездесті.

05.01.2020

Мәжіліс депутаттары Павлодар облысында Песчаное ауылының тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина және Александр Суслов Павлодар облысына жұмыс сапармен келді.

05.01.2020

Мәжіліс депутаттары елордалық «Жастар» театрының ұжымымен мәдени мәселелер бойынша заңнамалық түзетулерді талқылады

Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мен депутат Михаил Чирков елордадағы «Жастар» театрының ұжымымен кездесті.

05.01.2020

Мәжіліс депутаттары «Астана-Теплотранзит» кәсіпорнының қызметкерлерімен Президент Жолдауын талқылады

Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Сапар Ахметов, Павел Казанцев және Жәмилә Нұрманбетова «Астана-Теплотранзит» елордалық кәсіпорнында болды.

05.01.2020

Депутаттар Оқушылар сарайының ұжымымен «Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылады

Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Нұр-Сұлтанда Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Светлана Бычкова мен Қанат Мусин Оқушылар сарайының ұжымымен кездесті.

05.01.2020

Депутаттар Жаңаауылдағы ет өңдеу зауытының ұжымымен кездесті

Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Мейрам Пішембаев пен Нұрлан Әшімбетов Павлодар облысындағы ет өңдеу зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

05.01.2020

Аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды

Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды.